Алтынемелде сілеусін видеоға түсіп қалды
Видео парктің әлеуметтік парақшасында жарияланды

Алтынемел ұлттық паркінде «Қызыл кітапқа» енген сілеусін видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео парктің әлеуметтік парақшасында жарияланды.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сілеусіннің күшіктерімен ұлттық парк шатқалдарының бірінде фототұзаққа түсті. Видеода енесінің артынан біржасар 3 сілеусіннің еріп жүргені байқалады.
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусінінің күшіктерімен ұлттық парк шатқалдарының бірінде фототұзаққа түсті. Видеода енесінің артынан біржасар 3 сілеусіннің еріп жүргені байқалады.
Бұл сирек кездесетін жағдай, өйткені сілеусін әдетте 2 күшік күшіктейді.
Сілеусін 3 немесе одан көп күшіктеуі, бұл ұлттық паркте сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары қалыптасқанын көрсетеді. Ол – сібір тау ешкісі, қабанмен кейде кекіліктермен де қоректенеді», - делінген парктің хабарламасында.