31.03.2022, 14:03
Жаңалықтар
Биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіле ме?
Жыл басында республикалық бюджеттен төтенше жағдайға 7 млрд теңге қарастырылған
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет төтенше жағдайларға тап болған азаматтарға қаржылай көмек көрсетеді. Бұл үшін республикалық және жергілікті бюджеттен резервте қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Төтенше жағдайға игерілмеген қаражат жұмсалады. Жоспар бойынша жергілікті атқарушы органдарда жылдық бюджетте қарастырылған қаражат жетпесе, республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Жақында 9 өңірде болған жел мен боран салдарынан зардап шеккендердің шығыны есептеледі. Жыл басында республикалық бюджеттен төтенше жағдайға 7 млрд теңге қарастырылған. Жыл аяғына дейін орын алған төтенше жағдайларға байланысты аталған сома артады», - дейді министр Юрий Ильин.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
