«Қалаған жерде жұмыс істеуге құқы бар»: Ильин қызметтегі ұлы жайында

Azattyq Rýhy

Министрдің ұлы Петропавлдағы таяуда апат болған жылу-электр орталығында басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді

«Қалаған жерде жұмыс істеуге құқы бар»: Ильин қызметтегі ұлы жайында
Фото: Kapital.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өзінің қызметтегі ұлы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Таяуда СҚО орталығы Петропавл қаласындағы жылу-электр орталығында апат болып, тұрғындар қыста жылусыз қалған болатын. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы аталған «Орталық Азия электр энергиясы корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының коммерция жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. 

«Әр азамат өзін қажетті деп тапқан жерде қызмет етуге және пайдасын тигізуіне құқы бар. Менің ұлым жұмыс істейтін мекеме Төтенше жағдайлар министрінің қарамағында емес, министрлікпен ешқандай байланысы жоқ»,- дейді Юрий Ильин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.