$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

31 наурызда елімізде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін

 

31 наурызда елімізде ауа райы қандай болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер бейсенбі, яғни 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек елдің солтүстігі мен шығысында Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан да аса, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, облысының батысында, орталығында тұман түсіп, түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, тұман болып, жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл соғып, жел күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында тұман тү іп, түнде облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстік-шығысында жел күші 15-20, екпіні 25 м/с жетіп, түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақыттарда 23 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі.  

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары