Жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы ашылды
Орталықты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іске қосты
Қазақстанда жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайтын алаң іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде ашылған алаң «Antikor оrtalyǵy» деп аталады.
Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты – азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
- уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.
Орталықтың жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.