Аймағамбетов Назарбаев университетіндегі «Zа наших» плакатына қатысты түсініктеме берді

Оның айтуынша Назарбаев университеті автономдық статусқа ие

Аймағамбетов Назарбаев университетіндегі «Zа наших» плакатына қатысты түсініктеме берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Н.Назарбаев Университетіндегі кабинеттердің бірінің сыртында ілінген «Zа наших» плакатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқу орындарының мұғалімдеріне өз жеке пікірі мен көзқарасын есікке жазып қоюға рұқсат берілген бе?» деген сауалға ол:

«Оқытушы болсын басқа болсын, Қазақстан азаматы заң алдында барлығы бірдей жауапты. Егер олар заңға қайшы қоғамда арандатушылық туғызатын көзқарастағы әрекет жасаса, заң алдында жауап береді. Мен әлі бұл іспен танысқан жоқпын. Енді естіп тұрмын.

Екіншіден, Назарбаев университеті автономдық статусқа ие. Олардың жеке заңы бар, Білім және ғылым министрлігінің қарамағына кірмейді. Ұстаздарға келетін болсақ, педагогтарға арналған кодекс бар, онда барлығы анық жазылған. Олар сабақ өткізу кезінде оқу бағдарламасынан бөлек, пропагандаға жол беруі және өздерінің саяси көзқарасын «тықпаламауы» керек», - дейді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.