30.03.2022, 09:36
Жаңалықтар
Елорда маңына қатынайтын жолаушылар автобусының қозғалысы уақытша тоқтады
Еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланған болатын
Фото ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы елді мекендерге қатынайтын жолаушылар автобусының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, жолдың нашар көрінуі) қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы тоқтатылды», - делінген компания таратқан хабарламада.
Кеше сағат 19:00-ден бастап Нұр-Сұлтанда боран, екпінді жел, қалың қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған болатын.
Айта кетейік, 30 наурызда «Қазгидромет» мәліметтері бойынша еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды