Ол «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли қызметінен босатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Берік Уәли «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалған болатын.