$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Атамекен» шетелдік бизнес өкілдеріне арнап бірыңғай сервис терезесін құрады

ҰКП қандай қызмет түрлері көрсетілетінін айтты

«Атамекен» шетелдік бизнес өкілдеріне арнап бірыңғай сервис терезесін құрады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан аумағында шет елдерден өндірістік қуаттарды көшіру есебінен өндірістік секторды қолдау мен дамытуға көңіл бөлінбек. Осы мақсатта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз өндірісін ҚР аумағында орналастыруға мүдделі шетелдік бизнес өкілдеріне бірыңғай сервис терезесін құру жұмысын бастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҰКП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл бағытта Ұлттық палата төменде көрсетілген қызметтер бойынша жұмыс істеуге дайын екенін хабарлайды:

  • Маркетинг қызметтері;
  • Жергілікті серіктестерді іздеу;
  • b2b байланыстарын орнатуға жәрдемдесу;
  • Компанияларды тіркеу;
  • Кеден және логистика салалары бойынша қызметтерді көрсету;
  • Заңгерлік қызметтер;
  • Лицензиялар мен СТ-1 тауарлардың шығу түбі сертификаттарын алу;
  • Өндірістерді орналастыру, соның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардан орын іздеу.

«Қазақстанның сыртқы сауда палатасының жұмысы аясында ҚР аумағында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус, сондай-ақ шетелдік сауда-өнеркәсіп палаталары арасында ақпараттық бюллетень таратылды», – деп мәлімдеді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілдері.

Серіктес жаңалықтары