$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Берік Әбдіғалиұлы: Әлі де реформалар болады, мұны халық талап етіп отыр

Ол Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

Берік Әбдіғалиұлы: Әлі де реформалар болады, мұны халық талап етіп отыр

Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы «TALQYLAU» пікірталас алаңының алғашқы отырысында Президент Жолдауының ерекшелігін айтып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Бұл жолдаудың ерекшелігі – нақты бір тақырыпқа арналаған. Ол саяси реформа. Мемлекет басшысы қаңтар айындағы үндеуінде бұл Жолдауын күзде жасаймын деген еді. Бірақ еліміздегі ахуалдың тез өзгеруіне байланысты Президент Жолдауын шұғыл наурызда айтуға шешім қабылдады. Бірақ бұл ұсыныстар бұрыннан бері дайындалып келе жатқан. Бұны сайлау кезінде де айтқан. Бірақ қаңтардан кейін елімізде ахуал өзгерді. Қазір саяси билік түгелдей Мемлекет басшысының қолына тиді. Қауіпсіздік кеңесі де, партия да, ассамблея да. Яғни, толыққанды саяси реформа жасауға Президенттің мүмкіншілігі кеңейді», - деді ол.

Депутат сөзін жалғай отырып, халықтың да талабы күшейгенін айтып өтті.

«Ел өзгерісті бұрынна-ақ талап ететін. Бірақ қаңтар оқиғасынан кейін халық өзгерістерді қазір, бүгіннен талап етіп жатыр. Сондықтан өзгерістер пісіп жетілгені туралы талай айтып жүрміз. Осы жолғы Жолдауды алғашқы үлкен тұжырымдама ретінде есептеуге болады. Оның өзін мен алғашқы бастамасы деп есептеймін. Әлі де реформалар болады. Өйткені мұны халық талап етіп отыр. Әлеуметтік желі болсын, халықтың арасында жүрсеңіз де, қайда болсын халық өзгерісті талап етеді. 

Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде қазір елімізді жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіншілік бар екенін тілге тиек етті.

«Бірінші кезекте әр адамның жағдайына қарау керек. Әр ауылдан бастап, бюджетті жоспарлағанда әрбір тиын әрбір азаматқа, соның өлшемі. «Мера всех вещей человек». Адам – бізде барлығына өлшем. Міне, қазіргі біздегі нағыз қағида осы. Соған келе жатырымыз.

Жаңа Қазақстанда ең бастысы, бәрін өзімізден бастайық. Бізде қазір елімізді жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіншілік бар. Сол жұмыста бәріңізге сәттілік тілеймін!» - деді Мәжіліс депутаты.

Серіктес жаңалықтары