ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар» арнасын басқаратын болды

Azattyq Rýhy

Ол 2019 жылдан бері ҚР Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар» арнасын басқаратын болды

«Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы лауазымына Берік Уәли тағайындалды. Бұл туралы телеарна Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Таң» телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары «31 арна», «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нұр Медиа» медиа орталығын басқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында «Президент телерадиокешені» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.