28.03.2022, 22:19
Жаңалықтар
Украинадан тағы 53 отандасымыз эвакуацияланды
Бүгінге дейін 900 қазақстандық Украина аумағынан шығарылды
28 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:44-те Польшаның Катовице қаласынан Қазақстанға жетінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бортында 53 жолаушысы бар ұшақ Алматы әуежайына қонады», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, бүгінге дейін 900 қазақстандық Украина аумағынан шығарылды, олардың 743-і Қазақстанға репатриациялық ұшақтармен оралды.
Еске салсақ, бүгін Қазақстаннан Украина азаматтарына арналған гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді. Гуманитарлық жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының Ил-76 ұшағымен 53 отандасымыз елге оралады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды