$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оскар» кешіндегі кикілжің: Уилл Смит әйеліне тіл тигізгені үшін актер Крис Рокты ұрып жіберді

Кеш барысында трансляция дауысы өшірілді

«Оскар» кешіндегі кикілжің: Уилл Смит әйеліне тіл тигізгені үшін актер Крис Рокты ұрып жіберді

«Оскар» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау кешінде Уилл Смит пен Крис Рок арасында кикілжің туындады. «Үздік деректі фильм» жеңімпазын марапаттау кезінде Уилл Смит сахнаға шығып әріптесін ұрып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Крис Рок кеш барысында Уилл Смиттің жұбайы – Джада Пинкетт-Смиттің қысқа шашы оған «Солдат Джейн» фильмін еске түсіргенін айтып, мысқылдаған болатын. Ал Джада Пинкетт-Смит осыған дейін шаштың түсуіне әкелетін аутоиммундық ауруға шалдыққанын айтқан еді.

Видеодан Уилл Смиттің бастапқыда өзін өзі ұстап, сабыр сақтағанын, ал ары қарай сахнаға шығып, орынсыз әзілі үшін Роканы бетінен ұрып жібергенін көруге болады. Әріптесінен мұндай әрекет күтпеген Крис Рок түр білдірмеуге тырысады. Артынша трансляцияның дауысы өшіріліп тастайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Оскар