$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.01.2020, 21:37
Жаңалықтар

Қанат Исламның жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

Жаңа бапкер жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді

Қанат Исламның жаңа бапкерінің есімі белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) отандық бапкер Нұрғали Сафиуллинмен жаттыға бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы аға бапкері жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді. Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған. Кейін боксшы қолын жарақаттап, жыл соңында қайтадан жаттыға бастады. 

Айта кетейік, Ислам бұрын да Сафиуллиннің қол астында жаттыққан. Ол қазақстандық маман Мырзағали Айтжанов, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Сманов, сондай-ақ, жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) сияқты бірнеше отандық бокс жұлдыздарын дайындаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қанат Ислам