Алматыда биыл 32 үй сүрілмек

Azattyq Rýhy

2025 жылға дейін 700-ден астам ғимарат сүріледі 

Алматыда биыл 32 үй сүрілмек
Фото: ашық дереккөзден

Биыл Алматыда 32 ескі үй сүріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS агенттігіне сілтеме жасап. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұзу жеке инвестициялар есебінен жоспарланған. Барлығы 32 үйде 278 пәтер бар.

Жалпы, 2021-2025 жылдары 6,6 мың пәтерлік 708 ескі ғимаратты бөлшектеу және олардың орнына 34,6 мың пәтерлік 683 үй салу жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, қалада инвестициялық тартымсыз жер учаскелері, атап айтқанда, қызыл сызықтарда (орам құрылысының аумағы), санитарлық және су қорғау аймағында орналасқан және құрылыс үшін жеткіліксіз аумағы бар жеке тұрған үйлер бар. Олар бюджет қаражаты есебінен бұзылады. Бұл мәселе пысықталуда, бірақ әкімдіктің бағалауы бойынша жыл сайын бес жыл ішінде 10 млрд теңге бөлу қажет.

Әкімдікте атап өткендей, қазіргі уақытта Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары қоғам белсенділерімен бірге жүргізіліп жатыр

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.