$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

28 наурызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады

 

28 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.

«Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ететін болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын болады», - делінген хабарламада.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман, жаяу бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15-20, таңертең және күндіз таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, тұман түседі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде облыстың батысында – тұман түсіп, күндіз шығыста шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с байқалады.

Қостанай облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, батыста, солтүстікте екпіні 25 м/с, батыста, солтүстікте - жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың шығысында – тұман түседі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Павлодар облысында жолдарда көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында – бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, батысында 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жел күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

 
Серіктес жаңалықтары