Димаш Құдайбергеннің Дубайдағы жеке концерті қалай өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Әртіс өз тыңдармандарын жаңа әндерден тұратын бағдарламамен қуантты

Дубайдағы әйгілі Coca-Cola Arena-да Димаш Құдайбергеннің көптен күткен концерті көрермен есінде ұзақ қалатындай әсерлі болып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Екі жыл мәжбүрлі үзілістен кейін Димаш сахнаға жеке концертімен оралды. Әртіс тыңдармандарын сүйікті композицияларымен және пандемия кезінде жазылған жаңа әндерден тұратын бағдарламамен қуантты.

Димаштың «Алтын командасы» «Golden» композициясының әуенімен сахнаға шығып, алғашқы секундтардан бастап концертке ерекше атмосфера орнатты. Осыдан кейін әртіс өзінің барлық тыңдаушыларын «Fly Away» әнінің әуенімен «бірге самғауға» шақырды.

«Қайырлы кеш, қымбатты достар, Мен осы сахнада өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын. 2 жылдан астам уақыт бойы кездесе алмадық. Сіздердің махаббаттарыңыз бен қолдауларыңызға алғыс айтамын!»,- деді Димаш көрермендерге.

Әлемнің әр түрлі тілінде өткен концертте жанкүйерлер «Біз сені жақсы көреміз» деп айқайлады, әртіс ескі дәстүр бойынша «l love you more» деп жауап берді, бұл оның және Dears арасындағы байланыс жылдар бойы жоғалмағанын көрсетті.

Кеште әнші «If I never breathe again», «Olimpico», «Lay Down», тағы басқа да әндерін, сонымен қатар, «Eternal Memories», «Аве Мария» композицияларын орындады. жалғастырды.

Концертте сондай-ақ қобыздың сүймелдеуімен Игорь Крутойдың «Stranger» композициясы орындалды. Тағы бір айта кетерлігі, Димаш пен Dears үшін айтулы «S.O.S» әні бұл жолы басқаша шырқалды.

Әнші сонымен қатар, пандемия кезеңінде жақындарынан айрылған жандарға, адамзат жанының арашасына айналған әлем дәрігерлерінің құрметіне және бетпердемен тұмшаланса да өмірге деген құштарлығы сөнбеген барша жұртқа «Неге өмір сүріп, неліктен кетем?» деген әнін арнады.

Әнші алдағы уақытта жанкүйрелерімен Дюссельдорфта және Прагадағы концерттерінде кездесуді жоспарлап отыр.