Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 1 адам көз жұмды
Қазіргі таңда COVID-19 жұқтырған 43 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 27 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
27 наурыздағы мәлімет бойынша, 4 424 адам коронавирус инфекциясынан (–3 396+ және 1 028 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 466 пациент стационарда, 3 958 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 43 адамның жағдайы ауыр,
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 10 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 25 наурыздағы мәлімет бойынша 22 жаңа жағдай тіркелді, 13 адам емделіп шықты, 1 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 603;
- өлім жағдайы – 5 352;
- жазылып шықты – 82 223.