25.03.2022, 14:40
Жаңалықтар
Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді – мүфтият
Пітір 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде бекітілді
Фото ашық дереккөзден
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір мөлшері республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде бекітілгенін қаперге салды.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
12.07.2026, 00:27
Алматыда бойжеткен көпқабатты үйдің оныншы қабатынан құлап кетті (ВИДЕО)
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 13:04
Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар