$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі ШАҚ-1 іске қосылады

Новосібірдегі жөндеу жұмыстары ұзаққа созылса, елімізідң үш ірі кен орындарында өндірістің төмендеуі мүмкін

Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі ШАҚ-1 іске қосылады
Фото: ашық дереккөзден

Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі ШАҚ-1 іске қосылады. Бұл экспорттан толығымен айырылып қалуға жол бермейді. Мұндай мәлімдемені Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен брифинг барысында айтты.

Жуырда Қара теңізде болған дауылдан Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі құбырға айтарлықтай зақым келді. Жалпы аталған кәсіпорынға тиесілі барлығы үш шығару айлақтық құрылғысы бар. 23 наурыз күні ШАҚ-3 және ШАҚ-2-ге дауыл салдарынан айтарлықтай зақым келгені анықталды.

«Кеше біз КТК-дағы әріптестерімізбен техникалық кеңес өткіздік, бүгін таңертең ШАҚ-1 бүгін іске қосылады деген ақпарат бар. Танкерлер беріледі және бұл бізді айтарлықтай құтқарады», - деді Энергетика министрі.

Сондай-ақ, ведомсвто басшысы егер Новосібірдегі жөндеу жұмыстары ұзаққа созылса, біздің кен орындарымыз резервуар паркінде жұмыс істеуге мәжбүр болатынын мәлімдеді. Бұл барлық үш ірі кен орындарында өндірістің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Өз кезегінде министр ШАҚ-2 және ШАҚ-3-тегі жөндеу жұмыстары 3 аптаның ішінде аяқталады деген үмітте.

Сонымен қатар Болат Ақшолақов Қашаған кен орнының «уақытша жабылуы мүмкін» деген қауесетке қатысты сұрақтың нүктесін қойды.

«Қашаған екі айға жөндеуге жабылмайды. Оның жоспарлы жөндеуі жазда болады. Ол штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Егер ШАҚ-1 жұмыс істесе, онда ол қауіп төндірмейді. Ол үшін кен орнын тоқтатудың қажеті жоқ», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары