Қарағандыда 57 млн теңге ұрлаған «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шықты

Автор: Еркежан Айтказина

Тергеу әрекеттері бойынша залалдың 80%-ы бюджетке қайтарылды

Көрнекі фото

Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында қоршау жолдарына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде А.Б. Құдайқұлов «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жалпы сомасы 57 млн теңгеден асатын қаражатын жұмыс көлемін арттыру арқылы ұрлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, айыпталушы 2015 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта басқарма басшысы болып тұрған кезде ақша жымқырғаны анықталды.

Жүргізілген тергеу әрекеттері бойынша залалдың 80%-ы бюджетке қайтарылды, қалған сомаға медиативтік келісім жасалды.

Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға бас бостандығынан айырылды.