Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі белгілі болды
Талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады
Наурыздағы ҰБТ кезінде талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.
"Талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады.
Орташа балл 65 балды құрады,
ең жоғары балл – 134.
28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді.
74,2%-ы қазақ тілінде,
25,6%-ы орыс тілінде,
0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті", – деп жазды ол.
Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты.
2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.