Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды

Azattyq Rýhy

Бақытты елдер рейтингі сауалнама бойынша әзірленді

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан ең бақытты елдердің әлемдік көрсеткішінде бес позицияға көтерілді. Осылайша Қазақстан ТМД-дағы елдердің бәрін басып озып, 40-орынға ие болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy World Happiness Report-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Рейтинг 2019 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілген ауқымды сауалнаманың орташа нәтижесі бойынша дайындалған. Бұл сауалнамаға жер бетіндегі тоғыз миллионнан астам адам қатысты.

Әлемдегі ең бақытты ел атағын бесінші жыл қатарынан Финляндия иеленіп келеді. Топ-10 қатарына мына елдер кіреді: Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия.

Ал АҚШ 16-шы, Ұлыбритания 17-ші, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы 24 және 25- орындарды иеленді.

Қазақстан бес позицияға көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Осылайша, ТМД-ның өзге елдерін басып озды. Рейтингте Өзбекстан 53-орында, Молдова Республикасы 62-орында, Қырғызстан 64-орында, Беларусь 65-орында, Ресей 80-орында, Армения 82-орында, Тәжікстан 83-орында, Әзербайжан - 92-орында.

Ал ең соңында Ауғанстан (146-орын) елі тұр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.