Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда полицейлер жол апатын тергеп жатыр

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
otyrar.kz

Шымкентте үш адам жантүршігерлік жол апатынан оқиға орнында қаза болды.Тағы жетеуі ауыр жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Шымкент полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Жол апатына бірден үш көлік – Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentrа түсті.

Соққының қатты болғаны соншалық бірнеше адам көлік салондарынан жолға ұшып кетті. Олар қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кеткен болуы мүмкін.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем үш адамның өлімін тіркеді. Зардап шеккен қалған адамдар ауруханаға жатқызылды.

Олардың бәрі ауыр жарақат алған: аяқ-қолы сынған, миы шайқалған және тағы басқа.

Жол апатынан кейін автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Апат орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірді.

Қазіргі таңда полицейлер жол апатын тергеп жатыр. Кінәлі адам анықталып, сотқа тапсырылады. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.