$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавл жылу орталығында қайтыс болған әйелдің отбасына көмек көрсетіледі

Жерлеуді ұйымдастыру шығындарын да жұмыс беруші жақ өз мойнына алмақ

Петропавл жылу орталығында қайтыс болған әйелдің отбасына көмек көрсетіледі
Фото ашық дереккөзден

Петропавлдағы «2-Жылу-электр орталығы» ЖШС түтін мұржасы құлаған кезде үйінді астында қалып мерт болған жұмысшының отбасына материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, компания басшылығы Н. Чефонованың отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қайтыс болған жұмысшының бес жылдық еңбекақысы мөлшерінде отбасына қаржылық өтемақы төлеу түрінде қолдау көрсетеді, сондай-ақ Н. Чефонованың баласының білім алу шығындарын жабады. Жерлеуді ұйымдастыруға байланысты барлық шығындарды жұмыс беруші жақ өз мойнына алмақ.

Апаттың себебі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Наталья Чефонованың артында 15 жастағы баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары