$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат өтіп жатыр

24 наурызда командалық жекпе-жек өтеді

Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат өтіп жатыр

Елордада ASPAN спорт кешенінде дзюдодан жас спортшылар арасында республикалық чемпионат өтіп жатыр. Турнирге еліміздің 14 облысынан, сол сияқты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 389 ұл бала мен 308 қыз бала қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Чемпиондық атақ үшін 2005-2006 жылдары туған жас дзюдошылар жеке турнирде бақ сынайды. Осыған дейін төрешілер алқасы 50-55 кг салмақ дәрежесінде ұлдар арасында үздік спортшыларды анықтаған болатын.

24 наурызда командалық жекпе-жек өтеді. Әр өңірден 16 салмақта команда ұсынылды.

Жасөспірімдер арасында дәстүрлі республикалық чемпионат дзюдоны танымал ету үшін өткізіледі және үлкен спортқа жасалатын қадам болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, турнирге барлығы 697 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық құрамаға іріктеліп, Азия және әлем чемпионаттарына аттанады.

Серіктес жаңалықтары