21.03.2022, 11:12
Жаңалықтар
Украинада 10 млн адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған – БҰҰ
Бұл есепке өзге мемлекеттерге бас сауғалаған украиналықтармен қоса ел ішінде қоныс аударғандар да кіреді
Фото ашық дереккөзден
Әскери іс-қимылдар басталғалы Украинада халықтың 20 проценттен астамы, яғни 10 миллион адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетерлігі, бұл есепке өзге мемлекеттерге бас сауғалаған украиналықтармен қоса ел ішінде қоныс аударғандар да кіреді. Осы БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, шамамен бір ай ішінде Украинадан 3 миллион 400 мыңға жуық адам кетіп қалған. Оның 2 миллионнан астамы көрші Польша шекарасын асқан. Тағы жарты миллионы Румынияға барған.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды