$ 523.17  550.06  4.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды

Бұл шығыста жыл сайынғы дәстүрге айналып келеді

ШҚО-да жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, Ұлыстың ұлы қарсаңында жаңа туған сәбилерді перзентханадан ұлттық киіммен шығару жыл сайынғы дәстүрге айналған. Аягөз ауданаралық ауруханасының перинаталды бөлімшесінде дүниеге келген он бала қазақша нақыштағы киіммен үйлеріне жіберілді.

«Осы күндері кіндігі кесілген нәрестелермен қатар, айдың басында туған егіздерді де күтіп, барлық қажетті неонатологиялық көмек көрсеттік. Олар өмірге келгенде салмақтары бар-жоғы 1 200, 1300 грамм болатын. Нәрестелерімізге мол денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», - деді аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаров.


 

 

Серіктес жаңалықтары