19 наурызға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түрінде, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда - жел 15-20, кейде 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, найзағай ойнайды, облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында-тұман, жолдарда – көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында - жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады, күндіз-жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының шығысында түнде 16 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың оңтүстігінде түнде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстік – шығысында тұманды болады.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман түседі.