18.03.2022, 09:03
Жаңалықтар
Дельтакрон штамы анықталған елдердің қатары көбейді
Бұл - омикрон және дельта штамдарының комбинациясы
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирустың дельтакрон штамы анықталған елдердің қатары көбейді, деп хабарлайды "Хабар24".
Соңғы дерек бойынша, Бразилияда тіркелген. Бұған дейін мутация АҚШ-та, сонымен қоса Франция, Дания және Нидерланд секілді Еуропаның бірнеше елінен табылған.
Айта кеткен жөн, "дельтакрон" бұл омикрон және дельта штамдарының комбинациясы. Алғаш рет биыл қаңтарда Кипрде анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша әзірге бұл мутацияға қатысты қолда бар мәлімет аз. Десе де, оны "алаңдаушылық тудыратын штамдардың" қатарына қосудың қажеті жоқ дейді.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты