Ashyq пен маска қайда талап етіледі: Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы жарияланды
Жаңа қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді

Мемлекеттік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласындағы карантин талаптарына бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте; COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар; коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру) бар адамдар маска тағуға міндетті», - делінген Бас санитар қаулысында.
Сонымен қатар елордада нысандарға кіру кезінде Ashyq жобасы қолданылатынын ескертті.
«Эпидемиологиялық бағалау матрицасының «жасыл» және «сары» аймақтарында орналасқан кезде осы қаулының 3.1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті емес және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін», - делінген қаулыда.
Жаңа қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.