16.03.2022, 17:27
Жаңалықтар
Польшадан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты
Осымен, Украинадан 836 адам шығарылды
Польшадан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:45-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Алматы қаласына қонады деп күтілуде. Ұшақта 14 жолаушы бар.
Осымен, Украинадан 836 адам шығарылды, ал соның ішінен 690 адам репатриациялық ұшақтармен Қазақстанға оралды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты