$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 35 мыңнан астам МИБ пен қарапайым серіктестіктер құрылды

Заң аясында ПИК (КСК) орнына МИБ пен қарапайым серіктестіктер құрылып жатыр

Елімізде 35 мыңнан астам МИБ пен қарапайым серіктестіктер құрылды

Қазақстанда 35 806 МИБ (мүлік иелерінің бірлестіктері) және қарапайым серіктестіктер құрылды.  Басқарудың жаңа нысандарының басым бөлігі Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандары «мүлік иелерінің бір бірлестігі — бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Осылайша, тұрғындардың жиналған қаражатын пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етілді. Қаражат тек нақты көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген болатын. Заң аясында пәтер иелері кооперативтерінің орнына МИБ пен қарапайым серіктестіктер құрылып жатыр.

Азаматтар МИБ/ қарапайым серіктестіктер құру төңірегіндегі сұрақтары бойынша мына info@zhkh.kz мекенжайына жүгіне алады. Сондай-ақ suraqtar.kz платформасы арқылы сұрақ жолдап, қосымша ақпаратпен Zhkh.kz сайты арқылы таныса алады. Азаматтарды автоматтандырылған ақпараттандыру жүйесімен қамту үшін @kazcenter_zhkh_bot Telegram боты іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары