$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің энергия жүйелерінде болған апаттың себебі анықталды

Қазақстандағы барлық тұтынушыларға қойылған шектеулерді алып тастауға 4 сағат қажет болған

Қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің энергия жүйелерінде болған апаттың себебі анықталды

«Энергия» үйлестіру диспетчерлік орталығының («Энергия» ҮДО) арнайы комиссиясы 2022 жылғы 25 қаңтарда болған аварияға қатысты тергеу-тексеру жұмыстарын аяқтады, оның құрамына Орталық Азияның, атап айтқанда Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның энергия жүйелері жүйелік операторларының өкілдері кірген болатын. Бұл туралы Azattyq Rýhy «KEGOC» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия аварияның себебін Өзбекстанның энергия жүйесінде болған ажыратылудан туындағанын анықтады. Осы күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:59-да Сырдария ЖЭС-і мен 500 кВ «Ташкент» ҚС-ны (Өзбекстан) қосатын 500 кВ жоғары вольтты әуе электр жеткізу желісінің желілік ажыратқышында қысқа тұйықталу болды.

«500 кВ шиналардың 1-ші және 2-жүйелерінің дифференциалды қорғаныстарының шамадан тыс жұмыс істеуі Сырдария ЖЭС-інде генерацияның айтарлықтай төмендеуіне, электр станциясына іргелес электр желісіндегі ажыратылуларға және Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) 500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитіне 2100 МВт мөлшеріндегі қуат жүктемеден тыс түсірілуіне (белгіленген нормадан 7 есе жоғары) әкелді.

Жүйелі авариялар кезінде «KEGOC» АҚ электр желілері мен Қазақстанның оңтүстігіндегі электр станцияларының аварияға қарсы автоматикасы энергия жүйесін бөлу жөніндегі талаптарды ескере отырып, штаттық режимде іске қосылды. Осының арқасында еліміздің оңтүстік тұтынушыларының шамамен 60%-ын электрмен жабдықтауды сақтай отырып, Қазақстанның оңтүстік аймағы тұтынушыларының толық ажыратылуына жол берілмеді. Бұл ретте Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері толығымен тоқтан ажыратылды.

KEGOC компаниясына аварияны жоюға және Қазақстандағы барлық тұтынушыларға қойылған шектеулерді алып тастауға 4 сағат қажет болғанын, сондай-ақ бұған Қазақстан БЭЖ-і Жүйелік операторы персоналының жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесінде қол жеткізгенін атап өткен жөн», - делінген «KEGOC» АҚ хабарламасында.

Ал Қырғызстан ҰЭТ-те схема мен режим бір тәуліктен астам уақыттан кейін қалпына келтірілсе, Өзбекстан ҰЭТ-те тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды қалпына келтіру төрт күнге созылды.

Серіктес жаңалықтары