$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр Павлодар облысында көлік салығы 2,5 млрд теңгені құрады

Өңірде 178 мың көлік бар

Былтыр Павлодар облысында көлік салығы 2,5 млрд теңгені құрады
Фото: pavlodarnews.kz

1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу керек екені ескертіледі. Салықты тұрғылықты жері бойынша немесе Kaspi.kz, Халық банкінің мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн өткізген баспасөз жиынында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Рысбек Мінәймбеков мәлім етті.

«2021 жыл үшін көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керектігін ескертеміз. Салықты тіркелген тұрғылықты жері бойынша төлейді. Сондай-ақ салық төлеуді «салық әмияны» сервисі іске қосылған eSalyg мобильді қосымшасы, eGov порталында, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, терминалдар, банкоматтар және басқа да жолдармен жүргізуге болады», - деді Рысбек Мінәймбеков.

Спикердің айтуынша, 1 сәуірге дейін салықты төлемегендерге әкімшілік шара қолданылады. Одан нәтиже шықпаса, қаржыны өндіру үшін сот орындаушыларына тапсырылады.

«2021 жылы облысымызда көлік салығы 2,5 миллиард теңгені құрады. Көлік салығын төлейтін 126 мыңнан астам адам бар. Ал, өңірімізде көлік саны – 178 мың, - деді Рысбек Мінәймбеков.

Сонымен қатар, облыста 2020 жылға тиесілі көлік салығының қарызы 800 млн теңгені құрайды. Бүгінде есептеулер жүріп жатыр. Сондықтан 1 сәуірден кейін бұл сома өсуі мүмкін.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылға арналған мүлік салығы мен жер салығы бойынша салық міндеттемелері туралы Жеке тұлғаларды барынша қамту және уақтылы хабардар ету мақсатында жеке тұлғалардың ұялы телефон нөмірлеріне салық міндеттемелері туралы қысқа мәтіндік SMS-хабарлама жіберуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары