$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы қайталанбас үшін елдегі кедейлікті, теңсіздікті жою керек – Ерлан Сайыров

Ерлан Сайыров қаңтарда болған қанды қақтығыс қайталанбауы үшін ең алдымен Тәуелсіздіктің қадірін түсіну керектігін айтты

Қаңтар оқиғасы қайталанбас үшін елдегі кедейлікті, теңсіздікті жою керек – Ерлан Сайыров

Қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырғандардың артында кімдердің тұрғаны қазірдің өзінде жартылай мәлім. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Саясаттанушының пікірінше, тергеу кезінде бұл іске қатысы бар әлі өзге де адамдардың аты-жөндері жариялануы мүмкін.

«Қазірдің өзінде еліміздің билігі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы қастандық жасаудың ұйымдастырылғаны белгілі болып отыр. Бұл істе баршаға белгілі нәрсе – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның үш бірдей орынбасары тергеліп жатыр. Сондай-ақ, бұрынғы Қорғаныс министрі де тергеліп жатқаны аян. Менің ойымша, мұндай қылмысты кімнің ұйымдастырғаны қазірдің өзінде көрініп тұр. Бірақ тергеу барысында басқа да фамилиялар анықталуы ықтимал», - дейді саясаттанушы.

Ерлан Сайыров қаңтарда болған қанды қақтығыс қайталанбауы үшін ең алдымен Тәуелсіздіктің қадірін түсіну керектігін айтады.

«Бұл жердегі ең негізі мәселе – біз Қазақстанның тәуелсіздігі ең басты құндылығымыз екенін ұғынуымыз керек. Тәуелсіз Қазақстан бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан да әрқайсымыз осы тәуелсіздігімізді нығайтуға ат салысуымыз қажет. Бірақ оның екінші жағы бар. Бүгінде мемлекет жаңа саяси реформалар жасап, азаматтардың саяси процесске қатысуына толыққанды жағдай жасауы қажет. Сонымен қатар әлеуметтік трансформация керек, яғни елдегі кедейлікті, теңсіздікті жою керек. Сол кезде елімізде мұндай өкінішті жағдайларға жол берілмейді», - деді мәжілісмен.

Бұдан бөлек көтеріліске қатысқандардың арасында экстремистік топтардың өкілдері болғанын ескерсек, олармен күресте ең алдымен әлеуметтік мәселеге көңіл бөлу керектігі айтылды.

«Кедейлік, тұрмыстың жұтаңдығы бізің жастарымызды, халқымызды сондай экстремистік топтарға қосылуға итермелейді. Сол үшін әлеуметтік профилактика керек. Екіншіден, мектептердегі тәрбие мәселесін қарастыру керек. Үшіншіден Жанұя институтын ретке келтіру керек. Сол кезде экстремизмге балта шабылады», - дейді Сайыров.

Серіктес жаңалықтары