«Дикий Арман» мен оның тобының 14 мүшесі қамауда – Бас прокурор

Azattyq Rýhy

«Қаңтар оқиғасына» жұмыссыз, жоғары білім жоқ жастар қатысқан

«Дикий Арман» мен оның тобының 14 мүшесі қамауда – Бас прокурор

Бүгінге дейін «қаңтар оқиғасы» бойынша 35 мыңнан астам жедел-тергеу іс-қимылы жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 20 мыңы – тексеру, жауап алу, тінту жұмыстары. Сол сияқты 3,5 мың сот сараптамасы тағайындалды.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, жалпы саны 766 күдікті тұтқындалды. Олардың басым бөлігі – жұмыссыз, жоғары білімі жоқ 30 жасқа дейінгі жастар.

«Олардың ішінде деструктивті діни ағымдардың 19 жақтаушысы, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі және 113 адам кісі өлтіргені, ұрлағаны, тонағаны және қарақшылық жасағаны үшін сотталды. Мысалы, «Дикий Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі қамауда. Мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі болмады және олар әртүрлі қылмыстарға оңай барды, дүкендерді қиратты, тонаумен айналысты, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады», - деді Бас прокурор.

Жалпы, жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы 22 мыңнан астам адам тексерілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.