Қазақстан Бейжіңдегі Паралимпиада-2022 ойындарын аяқтады

Azattyq Rýhy

Еліміздің атынан қатысқан спортшылар арасында жалғыз медальді Александр Герлиц жеңіп алды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында 4×2,5 шақырымға командалық шаңғы эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алтынды» украиндықтар жеңіп алды. Екінші орын Франциядан келген шаңғышыларға тиесілі болды. «Қола» Норвегия құрамасына бұйырды.

«Қазақстан құрамасы бесінші орынға табан тіреді. Осылайша отандық спортшылар 2022 жылғы Паралимпиада ойындарындағы өнерлерін аяқтады», - деп жазады Sports.kz.

Еліміздің атынан қатысқан спортшылар арасында жалғыз медальді Александр Герлиц жеңіп алды. Ол парабиатлоннан қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ спортшы екі рет парабиатлон және шаңғы жарыстарында бесінші болды.

Бейжіңдегі ойындарға Қазақстан атынан бес спортшы: Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин қатысты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.