$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да тұрғын үйден анасы мен баласының денесі табылды

Қазіргі уақытта оқиға орнында ведомствоның жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

СҚО-да тұрғын үйден анасы мен баласының денесі табылды
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында анасы мен баласының денесі үйлерінен табылды, алдын ала болжам бойынша олардың  иіс тиіп уланулары мүмкін. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент  мәліметінше, Тайынша ауданы, Донецкое елдімекеніндегі тұрғын үйде екі адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында ведомствоның жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

«Материал жиналады, мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберіледі. Тек содан кейін ғана ауыл тұрғындарының нақты неден қайтыс болғанын айта аламыз. Қазіргі уақытта марқұмдардың көршілері сұрастырылып жатыр. Айтуларынша, олар үй тұрғындарын көптен көрмегендіктен алаңдаушылық білдірген. Тағы бір көршілері марқұмдардың спирттік ішімдіктерге жақын болғанын айтты. Сондықтан, қазір сараптама қорытындысын күтеміз. Өйткені былтыр осыған ұқсас жағдай болды. Жеке үйден екі адамның мүрдесі табылды. Жылыту маусымы болғандықтан ең алдымен пештен көріп, иістен уланып өлді деп болжам жасаймыз. Сараптама олардың басқа нәрседен, егер қателеспесем, алкогольден уланғанын көрсетті», - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

Қайтыс болған әйел 54 жаста, екіншісі – оның ұлы, 27 жаста болған.

«Иіс тиіп уланды деп кесіп айтуға болмайды. Біздің мамандар ол жерде жұмыс істеп жатыр. Олар пештің мұржасы ашық болғанын айтты. Ал көршілері қайтыс болғандарды 3 күннен артық көрмепті», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.


 

 

Серіктес жаңалықтары