$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясының жастары нәзік жандыларды мерекесімен құттықтады

Партия жастары көпбалалы аналардың үйіне барып, сыйларын табыс етті

«AMANAT» партиясының жастары нәзік жандыларды мерекесімен құттықтады
Фото ашық дереккөзден

Көктемнің ең шуақты мерекесі қарсаңында жасотандықтар елордалық көпбалалы аналарды құттықтап қайтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жас отбасылар мен көпбалалы аналарға көңіл бөліп, оларды әлеуметтендіру бойынша партияда бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Жастар қанаты ұйымдастырған  мерекелік акция.

Акция барысында Нұржан Жетпісбаев бастаған жастар көпбалалы аналарымыздың үйінде қонақта болып, аналар мен балаларға арнайы дайындалған мерекелік бокстар мен гүл шоқтарын табыстады.

«Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесінде көпбалалы аналарымызды құттықтап қайтуды жөн көрдік. Тек құттықтап қана қоймай, аналарымыз бен кішкентай бүлдіршіндерімізге арнап керек-жарақ толтырылған себеттер де ала келдік. Еліміздің жарқын болашағын қалыптастырып, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде қыз, келіншектердің алар орны ерекше. Оларға тиісінше сый-құрмет білдіру мына біз – жастардың міндеті деп білемін», – деді «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Ал мереке қарсаңында сый-құрметке бөленген аналар партия жастарына алғыс айтты.

 «Әр мереке сайын бізге ерекше назар аударып, ыстық ықыласын шашып жатқан жастарға ризамын. Қоғамның бір бөлшегі екенімізді сездіріп, ілтипат білдіруде. Жастар қанатына алғысымды білдіре отырып, жұмыстарына жетістік, табыс тілеймін. Ал, ару-аналарымызды 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын», – деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Кабышова Назгүл.

 

 

«AMANAT» партиясының жастарының құттықтауы бұнымен шектелмейді. Жастар қаламызда орналасқан сауда орталықтары мен басты көшелерде нәзік жанды тұрғындар мен қаламыздың қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Серіктес жаңалықтары