$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды

Құтқарушылар зардап шегушілерді жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды

Өскеменде жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды
Фото ашық дереккөзден

Өскемен қаласында жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Омаров көшесінде болған.

«Тойота Ланд Крузер» және «ВАЗ» автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» көлігіндегі жүргізуші мен жолаушы іште қыстырылып қалды. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Құтқарушылар гидравликалық құралмен 2 адамды алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына дереу «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті.


 

 

Серіктес жаңалықтары