$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әкімнің орынбасары Теміртаудағы КСРО елтаңбасына ұқсас белгінің алынбайтынын айтты

Белгі Теміртау қаласына кіре беріс тұста орнатылған

Әкімнің орынбасары Теміртаудағы КСРО елтаңбасына ұқсас белгінің алынбайтынын айтты
facebook

Теміртау қаласына кіре беріс тұста орнатылған Кеңес Одағының елтаңбасына ұқсас белгі әлі күнге дейін алынып тасталмаған. Балға мен орақ бейнеленген белгіні қалаға 70-жылдары орнатқан екен, деп хабарлайды Экспресс К.

КСРО-ға тиесілі алып орденнің қалаға кірер жолда әлі күнге дейін тұрғанын желі қолданушылары талқыға салды. Көбі белгінің алынбағанына наразы болды. Оның суреттерін желіге жаряилаған азамат әкімдікке "Неге КСРО атауынан айырылмай отырсыздар?" деп сауал жолдады.

Ал Теміртау қаласы әкімінің орынбасары КСРО-ның белгісін алып тастамаймыз дейді.

«Кезінде біздің қаланың ардагер құрылысшыларына арнап орнатқан. Бұл елтаңба емес, алғыс ретінде берген орден. Тарихи жәдігер ретінде қалады. Мұны алып тастамаймыз. Бірақ орынын ауыстыруымыз мүмкін», - дейді қала әкімінің орынбасары Самат Зияшев.

 

Серіктес жаңалықтары