Макгрегор «Челси» футбол клубын сатып алуға ниет білдірді

Azattyq Rýhy

2 наурыз күні Абрамович «Челсиді» сататынын хабарлаған

Ирландиялық MMA спортшысы Конор Макгрегор Англияның «Челси» футбол клубын сатып алуға дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл жөнінде Twitter-де жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«1,5 миллиард фунт стерлинг көлемінде ұсыныс жасаймын», — деп жазды ол.

Бұған дейін ресейлік миллиардер Роман Абрамович ағылшын клубын 4 миллиард фунт стерлингке сатқысы келетіні туралы айтылған.

2 наурыз күні Абрамович «Челсиді» сататынын хабарлаған.

«Мен ылғи да клубтың рөлін жоғары қоямын. Қазіргі жағдайға байланысты «Челсиді» сатқан дұрыс деген шешімге келдім. Бұл клуб үшін де, оның қызметкерлері үшін де, жанкүйер қауым мен демеушілер, сондай-ақ клубтың серіктестері үшін де дұрыс болар деп ойлаймын», - деді рсеейлік бизнесмен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.