5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Azattyq Rýhy

Республикамыздың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы болады

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер сенбі, яғни 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Каспий теңізінің аудандарынан келген циклон ҚР барлық аумағына тұрақсыз ауа райы әкеледі, жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), Оңтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын жауып, еліміздің оңтүстігінде найзағаймен болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі, солтүстік-батыс пен шығыста бұрқасын болады», - делінген хабарламада.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің 17-22 м/с күшеюі байқалады, күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с, таулы асуларында 30 м/с және одан жоғары болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында – тұмант түсіп, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында – найзағай ойнайды, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с және одан жоғару болуы байқалады.

Атырау, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстардың батысында, шығысында және орталығында екпіні 23-28 м/с, түнде Маңғыстау облысында кей уақытта екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.

Қызылорда облысының орталығында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде - тұман, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында – көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде – жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысы мен орталығында - көктайғақ, тұман, облыстың шығысында, оңтүстігінде - жаяу бұрқасын болады, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде – тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстік-батысында – тұман түседі, күндіз облыстың батысында – көктайғақ болады, жел жылдамадығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында – тұман, көктайғақ болады, облыстың батысында, орталығында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с  және одан жоғары болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде - тұман, көктайғақ болады, түнде облыс орталығында - жаяу бұрқасын болады, облыс орталығында – желдің  екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшеюі байқалады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.