$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңге өтемақы төленді

Бүгінде Алматыда зардап шеккен 1413 ШОБ субъектісі анықталды

 
Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңге өтемақы төленді
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңгеден астам өтемақы төленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2022 жылғы 2 науырызда шағын және орта бизнес субъектілерінің мүліктік шығынын анықтау жөніндегі Өңірлік комиссия кәсіпкерлердің жалпы сомасы 633,6 млн теңгені құрайтын 119 өтінішін мақұлдады. Оның ішіндежалпы сомасы 520,3 млн теңгенің 60 өтініші бюджет қаражатының, жалпы сомасы 113,3 млн теңгенің 59 өтініші «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаржысының есебінен төленді», - делінген Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Комиссия жалпы сомасы 3 774,1 млн теңгені құрайтын барлығы 1009 өтінішті мақұлдады, оның ішінде жалпы сомасы 2 796,2 млн теңгенің 519 өтініші бюджет қаражаттарының, жалпы сомасы 977,9 млн теңгенің 490 өтініші «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаржысы есебінен қаржыландырылды.

Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтініштері InfoKazakhstan сайтына келіп түседі. Бүгінде Алматыда зардап шеккен 1413 ШОБ субъектісі анықталды.

Серіктес жаңалықтары