03.03.2022, 10:18
Жаңалықтар
Берік Асылов Бас Прокурор лауазымына тағайындалды
Ол бүгінге дейін Бас Прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған
Мемлекет басшысы еліміздің Бас прокурорын тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалсын», - делінген құжатта.
Берік Асылов 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.
С. М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО ӘҚК ҚК қатарында әскери борышын өтеген.
1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.
- 1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
- 2001 - 2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.
- 2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
- 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын;
- 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.
- 2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Көп оқылған
11.02.2026, 17:25
Рамазан-2026: Қазақстанда пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекіді
11.02.2026, 12:58
Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Бас прокуратура күдікті күйеуі мен енесіне қатысты тың мәлімет жариялады
11.02.2026, 11:30
«Он алты жұмыртқамды мұздатып қойдым»: Қазақстанда аналық жасушаны «қатыру» үшін неше теңге кетеді
11.02.2026, 20:11
Шымкентте жол бойында жаппай төбелес болып, 3 адам қамауға алынды