$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ Ресей ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты

Еуропа одағының құрамына кіретін елдер де әуе кеңістігін жапты

АҚШ Ресей ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты
Фото ашық дереккөзден

Америка Құрама Штаттары өзге одақтастары секілді Ресейдің барлық ұшағы үшін әуе кеңістігін жабатын болды. АҚШ президенті Джо Байден осы жөнінде 1 наурызда Конгреске сөйлеген сөзінде «Елдің жағдайы туралы» жыл сайынғы жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз өз одақтастарымызға қосылып, ресейлік рейстердің бәріне әуе кеңістігімізді жабатынымызды мәлімдеймін», - деді Джо Байден.

Айта кетейік, Батыс елдері арасында Ресей ұшақтары үшін алғаш болып әуе кеңістігін Ұлыбритания жапқан болатын. Артынша Еуропа одағының құрамына кіретін елдердің бәрі осы шешімге қосылды. Бұл шешімді одақтың СІМ-і қабылдады. Америка контингентінде Канада елі ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістігін жапты.

Өз кезегінде Ресей жауап ретінде 36 елдің ұшақтары үшін әуе кеңістігін тоқтатты.

REGNUM ақпарат агенттігінің хабарлауынша АҚШ президенті Джо Байден өз сөзінде Ресейдің Украина жерінде арнайы операция жүргізуді алдын ала жоспарлағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары