Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің екінші кезеңі бүгін өтеді

Azattyq Rýhy

Кездесудің алғашқы кезеңі бес сағатқа созылған

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің екінші кезеңі бүгін өтеді
Фото: ТАСС

Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті шешу үшін қос тарап бүгін кездесудің екінші кезеңін өткізеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бастапқыда келіскеніміздей, келесі кездесуіміз 2 наурызға жоспарланып отыр», - делінген агенттікке дереккөз берген пікірде.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің алғашқы раунды дүйсенбі күні Беларусьтің Гомель облысында өтіп, бес сағатқа созылған. Бұл кездесуде Ресей делегациясын президент Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский басқарды.

Кездесуден кейін ол Ресей делегациясы ортақ келісімге қол жеткізу үшін қанша уақыт қажет болса да украин тарапымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Сол сияқты ол екі тарап кездесудің келесі раундын Беларусь елінде өткізуге келіскенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.