$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей мен Украина келіссөздерінің келесі раунды 2 наурызда өтеді

Екі тараптың алғашқы келіссөзі дүйсенбі күні Беларусьтің Гомель облысында өткен болатын

Ресей мен Украина келіссөздерінің келесі раунды 2 наурызда өтеді

Ресей-Украина келіссөздерінің келесі раунды тараптар бастапқыда келіскендей, ертең, 2 наурызда өтеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі ресейлік дереккөзге сүйене отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бастапқыда келісілгендей, кездесу ертең өтуі тиіс», - дейді агенттік сұхбатшысы.

Ресей-Украина келіссөздері дүйсенбі күні Беларусьтің Гомель облысында өткен болатын. Ол кезде кездесу бес сағатқа созылған еді. Ресей делегациясын Президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барды.

Бұған дейін ол ресейлік делегацияның украиналық тараппен келісімге келу үшін қанша уақыт қажет болса, сонша келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Мединский сондай-ақ Ресей мен Украина өкілдері келіссөздердің келесі раундын да Беларусьте өткізуге келіскенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары