$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банк төрағасы валюта нарығындағы ахуал туралы Президентке есеп берді

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Ұлттық банк төрағасы валюта нарығындағы ахуал туралы Президентке есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары